10 мамыр 2017 | 10:57

Ер адам обырдан қайтыс болған әйелімен алты күн бойы бірге ұйықтаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританияның Дерби қаласында 50 жастағы Рассел Дэвисон обыр ауруынан қайтыс болған Венди есімді әйелінің мәйітімен алты күн бойы бір бөлмеде болған. Ер адамның айтуынша, ол осылайша әйелімен қоштасқан. Дэвисон барлық туысының Вендимен қоштасу үшін оның мәйітінің жанында болғанын жеткізді, - деп хабарлайды Derby Telegraph.

Иконка комментария блок соц сети

Ер адамның ойынша, қоғамда өлімге деген қате пікір қалыптасқан. 

"Бізге бала кезімізден өлімнің, мәйіттің және соған қатысы бар кез келген нәрсенің жаман екенін айтып келеді. Негізінде олай емес. Біз Вендимен осы мәселе бойынша көп сөйлестік. Мен онымен көбірек болғым келді және бұл нәрседен еш жамандық көрмеймін", - дейді Дэвисон.

Рассел Дэвисонның жары 21 сәуірде қайтыс болды, бірақ оның бақилық болғаны тек осы күндері ғана белгілі болған. Ер адамның айтуынша, әйелі соңына дейін күресіп, біреудің есіркегенін қаламаған. 

"Оныншы сәуірде Венди тамақ ішуді қойды, ал он бесінші сәуірде ішуді қойды. Біз ұлдарымызбен бірге оның жанында соңғы демі шыққанға дейін болдық, бұл өте ауыр кезең болды", - дейді ұлыбританиялық азамат. 

"Венди қайтыс болғаннан кейін, біз оны жуып, қабірге салдық. Осыдан кейін ол менімен тағы алты күн болды. Барлық туыс бұл ісіме қарсылық білдірген жоқ. Біз оның мәйітінің жанына жиналып, Вендиді еске алатынбыз, осылайша жеңілдей түсетінбіз", - деді ол. 

Венди Дэвисонды жерлеу рәсімі 14 мамырға белгіленген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети