Астанада Есіл өзенінің жағалауында жаңажылдық сағат орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына сілтеме жасап.
Астанада Есіл өзенінің жағалауында жаңажылдық сағат орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, сағаттың диаметрі - 17 метр. Сағат жарықдиодтармен көмкерілген, соның арқасында түнгі уақытта әдемі композицияны тамашалауға болады. Конструкцияның ерекшелігі өзенде орналасуында.
© Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы
"Сағатқа нақты уақытта көрсететін механизм орнатылған, Есіл өзенінің жағалауындағы жаңажылдық отшашу осы сағаттың тілі 00.00-ді көрсеткенде болады. Сағаттың аумағы көз тартады және қысқы демалысқа таптырмас жер. Елорда тұрғындары мен қонақтарына мұз төбешіктер және 8000 шаршы метр болатын сырғанақ орнатылды."
Ведомстводағылардың айтуынша, Есіл өзенінде орналасқан сағат әлемде ең үлкені болуы мүмкін. Манхэттеннің Гудзон өзенінде орналасқан атақты Colgate сағатының диаметрі - 15,24 метр.
© sxodim.kz