Бүгін, 16 желтоқсанда Youtube ресурсының қолданушысы Біржан Әшім еуропалықтардың "Қызыл өрік" әнін орындағаны бейнеленген видеосын жүктеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін, 16 желтоқсанда Youtube ресурсының қолданушысы Біржан Әшім еуропалықтардың "Қызыл өрік" әнін орындағаны бейнеленген видеосын жүктеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Автордың айтуынша, бұл видео Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арнайы жасалған. "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін тойлауға орай біз Еуропаға Қазақстанның бір бөлшегін енгізуді ұйғардық. Бұдан шыққаны осы", - делінген видеоролик сипаттамасында.
Біржан Әшім - Венгриядағы қазақстандық жастардың "Бірлік" студенттер ассоциациясының өкілі. Ассоциация Қазақстанның Венгриядағы елшілігінің қолдауымен ашылған. Бұл ұжым еуропадағы қазақстандық жастардың жаңалықтарын, іс-шаралар туралы ақпараттарын таратумен, сонымен қатар, студент жастардың оқу мәселесіне көмек көрсетумен айналысады.