Футболшы Рамазан айында 40 адамды қарызын төлеп, түрмеден шығарып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболшы Рамазан айында 40 адамды қарызын төлеп, түрмеден шығарып алды © sportinglife.ng

Ұлыбританиялық "Лестер" футбол клубының нигериялық шабуылшысы Ахмед Муса Кано қаласындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан 40 нигериялықты босатты, - деп хабарлайды Sportinglife.ng.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық "Лестер" футбол клубының нигериялық шабуылшысы Ахмед Муса Кано қаласындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан 40 нигериялықты босатты, - деп хабарлайды Sportinglife.ng.

Футболшыға кей адамдардың қарызын өтей алмағандықтан, түрмеге қамалғаны жайлы хабар жеткен. Соның нәтижесінде ойыншы сотталушылардың қарызын өтеп беруді және кәмелет жасына толмаған төрт баланың айыппұлын төлеген. 

Ол қайырымдылық шарасын мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының құрметіне орай жасаған. 

Футболшының сотталушыларды абақтыдан босату туралы құжатқа қол қойып жатқан сәтінде түсірілген сурет оның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Жанкүйерлер оның бұл әрекетін қолдап, Муса үшін жалбарынатынын айтып, Ресейде өтетін әлем біріншілігінде сәтті өнер көрсетуін тіледі. 

"Спорт-Экспресс" мәліметінше, Муса Нигерияда бұрыннан қайырымдылықпен айналысумен танымал болған. Көбіне ол елдің әр қаласында аз қамтылған отбасыларға азық түлік пен қаражат тарататын. 

Мұсаның Хоторо деген жерде спорт орталығы бар. Онда тек жаттығулар емес, қайырымдылық футбол турнирлері мен басқа да шаралар өткізіледі. Мысалы, онда аспаз сабақтары өтеді. Сондай-ақ ойыншы жүрегі ауыратын нигериялық балаларға көмектесетін Healing Little Hearts қорына қолдау білдіреді. 

"Нигериядағы адамдардың маған деген ықылысы жақсы, сол себепті мен оларға қарымтасын қайтаруды жөн көрдім. Мен Нигерияға қайтып келгенде, балаларды жаттықтырып, бақытқа кенелемін", - деді Муса сұхбаттарының бірінде. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети