Ғалымдар әлемдегі ең сымбатты ер адамды анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар әлемдегі ең сымбатты ер адамды анықтады

Актер Роберт Паттинсон әлемдегі ең сымбатты ер адам болып танылды. 33 жастағы "Сумерки" жұлдызы зерттеу нәтижесінде әріптестері Брэд Питт пен Дэвид Бекхэмді басып озған, - деп хабарлайды Gazeta.ru

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актер Роберт Паттинсон әлемдегі ең сымбатты ер адам болып танылды. 33 жастағы "Сумерки" жұлдызы зерттеу нәтижесінде әріптестері Брэд Питт пен Дэвид Бекхэмді басып озған, - деп хабарлайды Gazeta.ru

Роберт Паттинсонның мәліметтері дәлме-дәл грекиялық алтын сұлулық Phi (92,15 пайыз) коэффициентіне тең болған. Оның ерні, әукесі, көзі және бетінің басқа да бөліктерінің тартымдылығы ескерілген. 

Тізім косметикалық хирург Джулиан де Сильваның картографиялаудың жаңа компьютерлік әдістерін пайдалана отырып жасалған. Сұлулық мөлшерін өлшеу әдісін алғаш рет ежелгі гректер қолданған екен.

"Роберт Паттинсон адамның барлық элементі физикалық жетілуді анықтау үшін өлшенген кезде айқын жеңімпаз болды. Ол барлық категория бойынша көшбасшылардың бестігінде болды, өйткені оның классикалық белгілері мен тамаша жағы да сымбатты үйлескен. Оның жалғыз кемшілігі ерні болды, олар сәл жұқа және тегіс келген", - дейді Лондондағы алдыңғы қатарлы косметикалық және пластикалық хирургия орталығының жетекшісі Джулиан Де Сильва.

"Ведьмак" жұлдызы Генри Кавилл 91,64 пайызбен екінші болды, Брэдли Купер 91,08 пайызбен үшінші, ал Брэд Питт 90,51 пайызбен төртінші орынды қанағат тұтты. 

Сымбатты ер адамдар тізімінің ондығына енгендер:

1. Роберт Паттинсон - 92,15 пайыз.

2. Генри Кавилл - 91,64 пайыз.

3. Брэдли Купер - 91,08 пайыз.

4. Брэд Питт - 90,51 пайыз.

5. Джордж Клуни - 89,91 пайыз.

6. Хью Джекман - 89,64 пайыз.

7. Дэвид Бекхэм - 88,96 пайыз.

8. Идрис Эльба - 88,01 пайыз.

9. Канье Уэст - 87,94 пайыз.

10. Райан Гослинг - 87,48 пайыз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети