© Tengrinews TV
Ғарышта америкалық ғарышкерлер өздері өсірген көкөністен жасалған салаттың дәмін алғаш рет татып көрді, - деп хабарлайды Tengrinews TV.
Ғарышта америкалық ғарышкерлер өздері өсірген көкөністен жасалған салаттың дәмін алғаш рет татып көрді, - деп хабарлайды Tengrinews TV.
NASA мәліметі бойынша, ғарыш станциясының бортында римдік қызыл салатын өсіру тәжірибесі аяқталды. Өсімдік арнайы Veggie зертханасында өсірілді. Олар егіннің қалғанын тағы да тәжірибелерден өткізу үшін Жерге жібереді. Ғарышкерлердің айтуынша, салатты жеу ерекше әсерге бөлейді, оның дәмі рукколаға ұқсас. Олар жемістер мен көкөністерді өсіру Марс ғаламшарына сапары кезінде керек болады деп отыр.