Жарылқап Қалыбайға - «Аңыз адам» журналына Гитлерді шығарғаны үшін сан түрлі айып тағып, соттан сотқа сүйреп жүргендер неміс фюрерінен де қиын болып тұр. Естеріңізде болса, «Жұлдыздар-отбасы – Аңыз адам» журналының сәуір айындағы нөмірінің шығуына орай, ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі басылымды «ҚР Конституциясы мен заңнамалық актілерін бұзған. Соның ішінде әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты тудыру фактілері кездеседі (ҚР Қылмыстық Кодексінің 164 бабы)» деп айыптаған болатын. Одан кейін Алматы қаласында тұратын бір топ ардагер журнал басшысын «Гитлерді насихаттап, біздің ар-намысымзға» тиді деп бір даурықты. Енді Алмалы аудандық Ішкі істер басқармасы Жарылқап Қалыбайды Гитлер арқылы экстремизмді насихаттады деген айыппен әкімшілік сотқа беріп отыр. Шілденің 18-інде өткен сот отырысына «Алаш айнасы» тілшілері де қатысып қайтқан еді.

Алматы қаласы Алмалы аудандық ІІБ барлық қазақ зиялылары, ғалымдары мен қоғам қайраткерлері жақтап отырған «Жұлдыздар отбасы – Аңыз адам» журналын экстремизмді насихаттады деп айыптауда. Ішкі істер департаментінің сарапшылары Адольф Гитлерге арналған №92 нөміріндегі «Гитлер – фашист емес» деген бір ауыз сөзге бола тұтастай журналдың мазмұнын жоққа шығарып отыр.
Жарылқап Қалыбайдың үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 344 бабының 2 тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалған. Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы Адольф Гитлерге арналған «Аңыз адам» журналының 92 нөмірінде экстремизмді жақтау белгілері бар деген күдікпен сараптама тағайындаған болатын. Құқық қорғау органдарының сарапшылары Гитлерге арналған 52 беттік журналдағы сауалнама айдарында «Гитлер – фашист емес» деген мақалада экстремизмді насихаттау белгілері болуы мүмкін деген қорытынды жасаған. Яғни, сарапшылардың өзі аталған материалда «мүмкін» деген бір сөзбен экстремизмді насихаттаудың нақты белгілерінің бар екеніне көз жеткізбегені көрініп тұр. Сотқа құқық қорғау органдарының сарапшылары Равилов пен Мұқанова сотқа қатысқан жоқ.
Соттан әбден мезі болса да, өзін нақақтан нақақ кінәлауға жол бермеуге тырысып жүрген Жарылқап Қалыбай бұл жолы сотқа екі бірдей адвокатпен келіп, өзінің кінәсіздігін дәлелдеп бақты.
Жарылқап ҚАЛЫБАЙ, «Жұлдыздар отбасы – Аңыз адам» журналының бас редакторы: – «Аңыз адам» журналы бірінші бетінен соңғы бетіне дейін антифашистік ұстанымдағы материалдарды жариялады. Алайда құқық қорғау органдары журналдың «Сауалнама» айдарында «Сіз үшін Адольф Гитлер қандай адам?» деген сұраққа жеке пікірін білдірген Нағашыбай Есмырзаның «Гитлер – фашист емес» деген сөзіне шүйлігіп, мені әкімшілік сотқа берді. Мені айыптаушылар маған фашизмді, экстремизмді насихаттады деген айып тағып отыр. Баспасөздің заңы бойынша автордың білдірген пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы болып саналмайды. Бұл туралы журналда ескертілген. Адольф Гитлерді басқа да шетелдік басылымдарда, тіпті Ресейдің «Известия» басылымында да өте сауатты саясаткер деп мақтап жазғандар жетеді. Алайда Ресейдің құқық қорғау органдары автордың Гитлерді мақтауы қылмыс болып табылмайтынын айтқан болатын. Ал бізде керісінше, Гитлер туралы өзінің жеке көзқарасын білдірген авторды емес, мені сотқа беріп отыр.
Материалдың жалғасын "Алаш айнасы" сайтынан оқи аласыздар.