14 желтоқсан 2014 | 11:01

Голландиялық азамат сүйіктісіне ұсыныс айтамын деп бірнеше үйді қиратып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото bbc.co.uk сайтынан алынды Фото bbc.co.uk сайтынан алынды

Голландиялық азаматтың сүйіктісі тұратын үйдің терезесінен көтергіш кран арқылы түсіп, оған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс айтамын деген ойы сәтсіз аяқталды. Себебі, көтергіш кран құлап бірнеше үйді қиратып тастады, - деп хабарлайды ВВС.


Иконка комментария блок соц сети

Голландиялық азаматтың сүйіктісі тұратын үйдің терезесінен көтергіш кран арқылы түсіп, оған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс айтамын деген ойы сәтсіз аяқталды. Себебі, көтергіш кран құлап бірнеше үйді қиратып тастады, - деп хабарлайды ВВС.

Нидерландының орталығындағы Эйсселстейн қаласының тұрғыны сүйіктісінің үйіне автокран арқылы келіп, оның жатын бөлмесінің терезесі алдына барып, сүйіктісіне ән айтып тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасауды ойластырған. Алайда, кран дұрыс бекітілмегендіктен аударылып кетіп, көрші үйдің шатырын ойып кеткен. 

Ол аз дегендей кранды тұрғызып қоймақ болғанда, ол тағы да құлап кетіп, қосымша зардап келтірген. Көрші тұрған үйлердегі тұрғындардың барлығы қауіпсіз жерге шығарлып, ешкім зардап шекпеген. Нидерланды басылымдарының хабарлауынша, қазіргі уақытта ғашық жұп Парижге кеткен. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети