Гонконгта жаңа туған нәресте жүкті болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гонконгта жаңа туған нәресте жүкті болып шықты ©Hong Kong Medical Journal

Гонконгта жаңадан туылған қыз бала жүкті болып шықты, оның құрсағынан екі ұл баланың эмбрионы анықталды, - деп хабарлайды Live Science

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гонконгта жаңадан туылған қыз бала жүкті болып шықты, оның құрсағынан екі ұл баланың эмбрионы анықталды, - деп хабарлайды Live Science

Басында дәрігерлер жаңа туған сәбиде ісік бар деп күдіктенген, ол гинекологтердің ерекше бақылауына алынды. Ультрадыбыстық тексерудің нәтижесінде оның қарнында бөгде заттардың бары анықталды. Туғанына үш апта болған қыз балаға операция жасаған кезде оның бауыры мен бүйрегі арасынан екі шарана табылды. Бірінің салмағы - 9,3 грамм, екіншісі - 14,2 грамм, яғни олар жүктіліктің сегізінші және оныншы аптасында болған. Шараналардың кіндігі қыздың ішіндегі плацента тәрізді массаға жалғаныпты.

Эмбрионның ішінде эмбрионның болуы орташа есеппен жарты миллион жүктілік жағдайында бір рет кездеседі. Ғалымдар арасында оның пайда болу себебі жөнінде даулы пікірлер бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы нәрестенің құрсағындағы ұрық ісіктің бір түрі деп есептейді, ал Гонконг дәрігерлері болса, кішкентай пациент жүкті емес, анасының жүктілігі барысында оның ағзасына белгісіз себеппен құрсақтас қос сыңары еніп кеткен деп отыр. 

Қазіргі заманғы медицина тарихында мұндай жағдай барлығы 200 рет тіркелген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети