25 маусым 2015 | 18:04

Google Maps картасында бейнеленген Қазақстанның ерекше жерлері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Google Maps © Google Maps

Google Maps қолданушылары картадан ерекше орындарды жиі тауып жатады. Мұндай орындардың көбі цивилизациядан тыс жерлерден болып шығады. Кей жағдайда ерекше орындардың қолданушыларды қызықтыру мақсатында Google сервис арқылы жасалынатыны анықталды. Tengrinews.kz  Қазақстандағы ерекше орындардың суреттерінің жинағын ұсынады.


Иконка комментария блок соц сети

Google Maps қолданушылары картадан ерекше орындарды жиі тауып жатады. Мұндай орындардың көбі цивилизациядан тыс жерлерден болып шығады. Кей жағдайда ерекше орындардың қолданушыларды қызықтыру мақсатында Google сервис арқылы жасалынатыны анықталды. Tengrinews.kz  Қазақстандағы ерекше орындардың суреттерінің жинағын ұсынады.

Google Maps-та көп қаралатын Қазақстандағы танымал нысандардың бірі - Қостанай облысындағы Лисаковск маңында орналаcқан бұрынғы пионерлер лагері. Пентаграмманың диаметрі - 360 метр.

Дөңгелек нышан талдар мен жолдардан бейнеленген. Айта кету керек, дөңгелектің ішіндегі жұлдыз француз Элифас Леви жан түршігерлік деп санаған теріс пентаграммаға ұқсайды. Нысан туралы Daily Mail басылымы жазды, ал бұрынғы ұшқыш Курт Йейтстің айтуынша, мұндай белгілер кеңес дәуірінде ракетаға қарсы қорғаныстың жүйесінде қолданылған. Дегенмен, мамандар бұл белгінің лагерьде кеңестік нышан ретінде пайдаланылғанын айтты.

Google Maps картасынан табылған тағы бір жұлдыз Ақтауға жақын маңдағы құмды далада орналасқан. Пентаграмманың диаметрі 200 метрге жуық. Бұның не екенін әлі ешкім анықтамады. Дегенмен, авиация әуесқойлары бұл жерде бұрын дельтадром болған деп болжады. Олардың айтуынша, жер бетіндегі із дельтамотордың арбасынан қалған. Ал жұлдыздың бес ұшын желдің бағытын анықтау үшін пайдаланған.

Жақын арада қолданушылар Атырау облысынан тағы бір "қанды көл" тапты. Ғалымдар мұны топырақ және балдырларлардың түсімен байланыстырды.

Кеңес дәуірін еске түсіретін тағы бір нысан Қазақстан мен Ресейдің шекарасында орналасқан.

Жазу ағаштармен жасалынған. Олардың қашан отырғызылғаны белгісіз, дегенмен 1970 жылы Лениннің 100 жылдығына арналғаны анық. Суреттен ағаштарға әлі де күтім жасалынатынын аңғаруға болады.

Қызылорда облысының далалық жерінен 3D-моделіндегі ғарыш кемесін табуға болады. Сурет авторының айуынша, 1988 жылдың 15 қарашасындағы тарихи шаттл осы жерде орналасқан.

Интернеттен ақпарат іздегенде, жалғыз "Буранның" Байқоңырда жойылғанын білуге болады. Ол "Энергия" атты тасымалдағыш ракетамен бірге сақталынған. Ал 3D-модельосы макетті негізге ала отырып жасалынған.

Қазақстанда егістік алқаптарынан домалақ бейнелерді көруге болады. Уфологтардың айтуынша, мұны жат ғаламшарлықтар қалдырған. Бұған мысал - Қапшағай маңындағы алқапта түсірілген сурет.

Дегенмен, бұл жер суару үшін жасалынған заманауи автоматты жүйе болуы мүмкін. Спутниктен қарағанда бұл орын шынымен де қызықты көрінеді.

Егістіктегі белгілер үнемі домалақ бола бермейді. Көп жағдайда олар әр түрлі бейнеде болады. Мұндай жерлер Англия бірнеше рет табылған.

Іші пысқан фермерлер осындай да бейнелер жасаған.

Ал Антарктидадан мұзға қатып қалған ұшақты байқауға болады. Әуе кемесі бұл жерге қашан барғаны, не себепті қатып қалғаны белгісіз.

Тағы бір ұшақты АҚШ-тан табуға болады. Ол ағаштардың ортасында жатыр. Суреттен мұның үлкен ұшақ екенін аңғаруға болады.

Спутниктен түсірілген тағы бір фото Шотландияда істелінген. Лох-Несс өзенінен суда жүзіп бара жатқан оғаш нысанды аңғаруға болады..

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети