Швециялық экобелсенді Грета Тунберг өз есімін бренд ретінде тіркейді. Белсенді бұл қадамға баруының себебі ретінде экологияны қорғау қозғалысы және сол бағытта жасалған әрекет деп түсіндірген, - деп хабарлайды ТАСС.
Швециялық экобелсенді Грета Тунберг өз есімін бренд ретінде тіркейді. Белсенді бұл қадамға баруының себебі ретінде экологияны қорғау қозғалысы және сол бағытта жасалған әрекет деп түсіндірген, - деп хабарлайды ТАСС.
Есімінен бөлек, Грета Тунберг тауар белгісі ретінде Fridays for future/Skolstrejk for klimatet etc as trademarks атауын халықаралық климаттық оқушылар қозғалысын тіркеуді жоспарлап отыр екен.
"Алаяқтар, брендтер, коммерциялық мүдделер, ақша аударымдары мен қорлар… Өкінішке қарай, белгілі тұлғаларға, саясаткерлерге, БАҚ-тарға, әртістерге және тағы басқаларына жақындау үшін мені пайдаланғысы келетіндер бар. Егер сізге "менің атымнан" немесе менің өкілім болып таныстырып жатса оған күдікпен қарауыңызды сұранамын. Мұндай жағдайларға тап болған жандардан кешірім сұраймын", - деп жазды Грета Instagram желісіндегі парақшасында.
Тунберг Fridays for future (Болашақ үшін жұма) қозғалысы оған қатысатын кез келген адамға тиесілі және жеке немесе коммерциялық мақсатта пайдаланылмауы тиіс екенін айтты. Белсенді сондай-ақ, отбасымен бірге коммерциялық емес қор құратындарын айтты, оның мақсаты "экологиялық, климаттық және әлеуметтік тұрақтылыққа, сондай-ақ психикалық денсаулыққа ықпал ету".
17 жастағы Грета Тунберг 2019 жылы қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі саммитінде экологиялық апат жайлы сөз сөйлеп, әлем жұртының назарын өзіне аударған еді.
2018 жылы экологиялық белсенді климат үшін мектеп ереуілін бастады - әр жұмада ол швед парламенті ғимаратының жанында жалғыз өзі пикетке шығатын болған.