"Гуси свиньям НЕ СОСЕДИ!!!". Астанада үй ауласына даулы баннерді кім ілгені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Гуси свиньям НЕ СОСЕДИ!!!". Астанада үй ауласына даулы баннерді кім ілгені анықталды

Астанадағы үйлердің бірінің ауласына ілінген даулы плакаттың авторы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы үйлердің бірінің ауласына ілінген даулы плакаттың авторы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мы закрылись от Вас забором, т.к. считаем себя высшим классом, ну а Гуси свиньям НЕ СОСЕДИ!!!" - такая надпись находилась на баннере, который появился на заборе жилого комплекса по адресу: Сауран, 18 (орфография мен пунктуация сақталған)."

Бұл үйдің тұрғындарының айтуынша, баннер өткен аптада пайда болған, алайда келесі күні жоғалып кеткен, ал оқиға орнында полиция қызметкерлері мәтін авторын іздеген.

 Жергілікті тұрғындар тілшімізге зәулім тұрғын үй кешенін қоршап тұрған қақпаның кесірінен көрші үйдің тұрғындары Сауран көшесіне шыға алмай қалғанын, сондықтан қашықтағы айналма жолдан өтуге мәжбүр болғанын айтып берді. Соған қарағанда, біреулер осыған байланысты қақпаға осы баннерді ілген көрінеді. 

Ал кейінірек елордалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері жедел-іздестіру шараларының барысында криминалдық полицияның баннер авторын тапқанын хабарлады. Полиция мәліметінше, ол көрші үйдің тұрғыны болып шыққан, тұрғын баннерді өзі ілгенін мойындапты. 

Сонымен қатар, жедел шаралар барысында полицейлер баннер бейнеленген видеоны таратқан ер адамды анықтапты. Оған қатысты тексеріс жүріп жатыр және оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады екен. 

Қазіргі уақытта полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. 

"Астана ІІД азаматтардың есіне жалған мәліметті таратудың жауапкершілік арқалататынын ескертеді", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети