26 наурыз 2014 | 09:53

Ханзада Гарри сүйіктісімен Алматыға келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ханзада Гарри Шымбұлақта. east2west news. Ханзада Гарри Шымбұлақта. east2west news.

"Ханзада Гарри сүйіктісімен Алматыда өтетін жабық сауық-кешке қатысуға келді. Гарри мен қызы Шымбұлақ демалыс курортына тікұшақпен барды. Британдық ханзада сүйіктісін Қазақстанда демалып қайтуға шақырған" деп хабар таратады Tengrinews.kz британдық Daily Mail газетіне сілтеме жасап. Британ тағының мұрагері мен оның сүйіктісі Шымбұлақ шаңғы курортына тікұшақпен барған. Басылымның мәліметіне қарағанда, ханзада Гарри мен оның сүйіктісі Крессида "салтанатты шаледе" тоқтаған. Олар жабық жеке сауық-кешке қатысады. Гарридің достары 29 жастағы ханзаданың 25 жастағы сүйіктісіне қазақ жерінде отбасы құру туралы ұсыныс жасауы мүмкін екенін айтады. Гарри мен Крессида ең алғаш 2012 жылы табысқан, алайда осы уақытқа дейін фототілшілердің көзіне түспей келген. Осы жылдың наурыз айының басында батыстық ақпарат құралдары бұл жұптың арасындағы жеке қатынастардың жаңа деңгейге көтерілгенін мәлімдеді. ІІ Елизаветаның немересі сүйіктісімен бірге көпшілік бас қосқан жиындарда көріне бастаған. Британдық басылымның мәліметінше, Шымбұлақ шаңғы курорты қазақстандық кәсіпкер Сержан Жұмашовқа тиесілі және курорт қожайынының жалпы байлығы 215 миллион долларды құрайды. Ханзада Гарри ақсүйектер әулетінінің Қазақстанға келген алғашқы өкілі емес. Бұған дейін оның ағайы ханзада Эндрю қазақ жеріне бірнеше рет табан тіреген болатын. Британдық Daily Mirror басылымының жазуынша, Қазақстан жақын болашақта еуропалықтардың әйгілі демалыс орнына айналатын болады. Сонымен қатар басылым Алматы маңындағы тау шатқалында тағы жеті жаңа демалыс орны салынғалы жатқанын хабарлайды.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети