Индонезияда балаларын аман алып қалған "ниндзя әке" Желі қолданушыларын таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индонезияда балаларын аман алып қалған "ниндзя әке" Желі қолданушыларын таңғалдырды Видеоның кадрлары

Индонезияда ер адам өзінің екі баласын жүйткіген көліктен аман алып қалды. Бұл оқиғаның видеосы 22 желтоқсанда Facebook желісіндегі Anwar Sutanto Chen деген қолданушының парақшасында пайда болды. Роликті бір күн ішінде бес миллионнан аса адам көріп, бірнеше мың пікір жазылған.

Кадрлардан ер адамның мотоцикл жөндеп отырғанын, ал оның екі баласының ойнап жүргенін көруге болады. Бір уақытта ол артына қарап, тұра келеді. Осыдан кейін ол балаларына ұмтылып, арғы жақтан жүйткіп келген көліктің дәл алдынан құтқарып қалады. Соған қарағанда, ешкім ауыр жарақат алған жоқ.

Қолданушылар бұл видеоны көргеннен кейін ер адамның батылдығына және жылдам әрекет еткен қабілетін риза болысты. Көбі оны ниндзяға және суперқаһарманға теңеп, мұндайды тек кинодан көргендерін жазды.

Ал Индонезияда бұл ролик көрсетілгеннен кейін ер адам жұлдызға айналып шыға келді.

© facebook.com/anwar.chen

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети