Интернетте ҚТЖ қызметкерлері түсірген тағы бір көңілді видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интернетте ҚТЖ қызметкерлері түсірген тағы бір көңілді видео пайда болды © YouTube.com

Интернетте "Қазақстан темір жолы" қызметкерлері түсірген тағы бір көңілді бейнебаян пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интернетте "Қазақстан темір жолы" қызметкерлері түсірген тағы бір көңілді бейнебаян пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания қызметкерлері бұл жолы One direction тобының  What makes you beautiful әніне бейнебаян түсірген. Видеороликтің ҚТЖ КВН командасының тапсырмасымен түсірілгені белгілі болды. "Біздің компанияда жастар саясаты жөніндегі арнайы бағдарлама бар. Осы бағдарлама аясында әр аймақта ҚТЖ КВН командасы құрылған. Іріктеу кезеңдерінен кейін жыл соңында Республикалық жастар форумы өтеді. Бұл шарада командалар компания президенті кубогына таласады", - деді Әлеуметтік жұмыстар департаментінің менеджері Ақмарал Байғабылова.

Бұл бейнероликті "Атырау ҚТЖ" КВН командасы түсірген. Осы бейнебаян арқылы олар Республикалық жастар форумында 2014 жылы жеңімпаз атанды, қазір Астанадағы КВН жоғарғы лигасына шақырту алды.

Еске сала кетейік, осыған дейін "Қазақстан темір жолы" қызметкерлері түсірген видео қызу талқыланған болатын. Бейнебаян Джон Ньюменнің Love Me Again әніне түсірілді. 2015 жылдың 4 маусымында жарияланған видеоны 44 мыңнан астам адам тамашалап үлгерді.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети