Интернетте теңгенің жаңа бағамы туралы сатиралық видеоролик жарияланды

© Tengrinews.kz

Интернетте теңгенің жаңа бағамы туралы сатиралық видеоролик жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ролик YouTube видеохостингіне "Теңге, өлме!" деген атаумен жүктелді. "Бағамды қарауды доғаратын уақыт келген сияқты", - делінген видеороликтің сипаттамасында.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, соңғы кезде Интернетте теңге бағамына қатысты әндер мен видеороликтер көп жарияланып жүр. "Наша газета" порталының мәліметінше, қостанайлық жігіт теңге бағамы мен шенеуніктерге арнап ән де жазған.

Еске салайық, 12 қаңтарда доллар бағамы ақша айырбастау орындарында 370 теңгеге дейін көтерілді. Бұл 11 қаңтарда Brent мұнай маркасы 2004 жылдың сәуірінен бері психологиялық меже саналатын 32 долларға төмендеп, ал WTI маркалы мұнайы 5 пайыздан аса арзандағаннан кейін болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама