12 қаңтар 2016 11:30

Доллар бір күнде 7 теңгеге қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында доллар 362,62 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, шетел валютасы 30 желтоқсаннан бері қымбаттап жатыр.


KASE таңғы сессиясында доллар 362,62 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, шетел валютасы 30 желтоқсаннан бері қымбаттап жатыр.

12 қаңтарда таңғы сессиядағы алғашқы келісім 359 теңгемен басталды. Саудадағы ең төменгі баға 358,5 теңге болды. Ең жоғарысы 367 теңгеге дейін жетті. Сессия кезінде сауда көлемі 82,9 миллион доллардан асты. Ақша айырбастау орындары болса долларды 365-368 теңге аралығында сатып жатыр.

Еске сала кетейік, дүйсенбі, 11 қаңтарда Brent мұнай маркасы 2004 жылдың сәуірінен бері психологиялық меже саналатын 32 долларға төмендеді, ал WTI маркалы мұнайы 5 пайыздан аса арзандаған. Мәскеу уақыты бойынша, 20.30 жағдайында солтүстік теңіз Brent мұнай маркасының наурыз фьючерстерінің құны 6,01 пайызға - барреліне 31,89 долларға дейін түсті. WTI маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстерінің құны 5,37 пайызға түсті, яғни баррелі үшін 31,38 долларға тең.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети