Венгрлердің Қазақстан туралы түсірген ролигі Интернетте кеңінен таралды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.
Венгрлердің Қазақстан туралы түсірген ролигі Интернетте кеңінен таралды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.
Видеоролик Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбанның Қазақстанға келген сапары кезінде түсірілген. Ұзақтығы 2,5 минуттық клипті әлеуметтік желіде 70 мыңнан аса адам көріпті. Айта кетейік, видеоролик Виктор Орбанның Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған.
Кадрда ресми кездесулермен бірге Астанадағы серуендер бар. Қонақтар Қазақстан президентімен, үкімет басшысымен кездесіп, басты алаңдармен қыдырды, киіз үйлерге кірді.
Еске сала кетейік, Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан Қазақстанға сәуірдің басында келді. Ол кездесу барысында Будапештте Астана көшесінің пайда болғанын айтты.