сурет Alamy басылымынан алынған
Италияның Риети қаласында монах әйел қасиетті рухтан бала тапқаны және жаңа туған сәбиге қазіргі Рим Папасының құрметіне Франческо деп ат қойылғаны жайлы мәліметті Tengrinews.kz Agence France-Presse ақпарат құралына сілтеме жасап хабарлайды. 31 жастағы монастырда тұрушы әйелдің айтуынша, ол соңғы сәтке дейін өзінің жүкті екенін білмеген. Ішінің бүріп ауырғанына орай оны ауруханаға жеткізгенде, ол дәрігерлерге "асқазаным ауырып тұр" деп айтқан. Монах әйелдің аты-жөні туралы еш мәлімет жоқ. Қазірге монастырда тұрушы әйелдің Сальвадордан екені белгілі болды. Монах әйелдің қасиетті рухтан бала тапқаны туралы хабар Италияның орта тұсынан орын тепкен, шағын Риети қаласындағы жергілікті және халықаралық ақпарат құралдарының назарын аударып отыр. Қала мэрі Симон Петранжели жұртшылықты монах әйелдің жеке өміріне қатысты ізгілік танытып, құрметпен қарауға шақырды. Италиялық газеттің жазуынша, қала тұрғындары ана мен жас сәбиге киім-кешек, қайырымдылық ақша жинауға кіріскен көрінеді.
Италияның Риети қаласында монах әйел қасиетті рухтан бала тапқаны және жаңа туған сәбиге қазіргі Рим Папасының құрметіне Франческо деп ат қойылғаны жайлы мәліметті Tengrinews.kz Agence France-Presse ақпарат құралына сілтеме жасап хабарлайды.
31 жастағы монастырда тұрушы әйелдің айтуынша, ол соңғы сәтке дейін өзінің жүкті екенін білмеген. Ішінің бүріп ауырғанына орай оны ауруханаға жеткізгенде, ол дәрігерлерге "асқазаным ауырып тұр" деп айтқан. Монах әйелдің аты-жөні туралы еш мәлімет жоқ. Қазірге монастырда тұрушы әйелдің Сальвадордан екені белгілі болды.
Монах әйелдің қасиетті рухтан бала тапқаны туралы хабар Италияның орта тұсынан орын тепкен, шағын Риети қаласындағы жергілікті және халықаралық ақпарат құралдарының назарын аударып отыр. Қала мэрі Симон Петранжели жұртшылықты монах әйелдің жеке өміріне қатысты ізгілік танытып, құрметпен қарауға шақырды.
Италиялық газеттің жазуынша, қала тұрғындары ана мен жас сәбиге киім-кешек, қайырымдылық ақша жинауға кіріскен көрінеді.