Итеріп оталдырды. Желіде Өскемендегі жедел жәрдем дәрігерлерінің видеосы талқыға түсті

14 Қараша 2018, 17:16
0
Итеріп оталдырды. Желіде Өскемендегі жедел жәрдем дәрігерлерінің видеосы талқыға түсті - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Желіде Өскемендегі жедел жәрдем дәрігерлерінің видеосы талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде жедел жәрдем дәрігерлерінің бірлесіп көлікті итеріп оталдырып жатқан видеосы тарады. Видео авторы "Осылай жұмыс істейміз. Маша мен қасқырлар: жедел жәрдем көмекке асығуда" деп жазған. Видео кейіпкерлері камераға қол бұлғап, жымияды. Көлік оталып, жолға шықты. 

Қыс кезінде көліктерді осылай істен шығуы дәрігерлер үшін үйреншікті жағдай болып кеткен-мыс. Өскемен қаласындағы жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Марат Ластаевтың айтуынша, ауа температурасы күрт суып кеткенде, газбен жүретін автокөліктерде мұндай жағдайлар болып тұрады екен. 

"Патрубкаға байланысты" - деп түсіндірді ол. Дер кезінде оны үрлемесе, конденсат жиналып артынша қатып қалады. Осының салдарынан көлік оталмай жатады. Бізде көліктерді жөндеп, бақылап отыратын ұйым бар, алайда көліктің аты көлік. Ойламаған жерден бұзылып жатады", - дейді Марат Ластаев. 

Сонымен қатар, көлік жанармай бекетіне жақын маңда өшіп қалған, осы кезде көлік салонында науқас болмаған. Сол себепті бұл оқиғаның дәрігерлер жұмысына кедергі келтірді деуге болмайды. 

Осындай жағдайлар болмауы үшін жүргізушілерге көлікті ұзақ уақыт оталдыруға кеңес берілді. Ластаевтың айтуынша, бұл үшін арнайы құрылғы бар және халықтың қандай реакциясы болатынын ескермей, видео кейіпкерлері мен авторы видеоны түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай