Jah Khalib сахна төрінде астаналық қыз бен жігіттің "некесін қиды"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Jah Khalib сахна төрінде астаналық қыз бен жігіттің "некесін қиды"

Қазақстандық танымал рэпер Jah Khalib Астанада өткен жеке шығармашылық кешінде Абай есімді жігіттің сүйген қызына сөз салуға ерекше мүмкіндік жасап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Концерттің орта тұсында рэпер сахна төріне Ақторғын Алтынбекованы шақырып, махаббат үшін неге дайын екенін сұраған. Мұндайды күтпеген қыз бала абдырап қалған. Осы сәтте оның жігіті Абай Құсайынов бір құшақ гүлімен саханаға көтеріліп, жүрек жарды сөздерін айтқан. 

Рэпер жарасымды жұпты сахна төріне шығарып, оларға ән арнады. 

"Ұят болғанымен де, елдің көзінше сүйіскен қандай ғажап", - деп әзілдеді әнші көрерменнің қолдауымен. 

"Мен шынымды айтсам қазір ғана сезініп отырмын.Саханада мен... не болғанын түсіне алмадым, түскеннен кейін жылап жібердім. Еріндерім әлі де дірілдеп тұр. Мен өте бақыттымын", - деді Ақторғын. 

Жігіт осы ұсынысты жасауға төрт ай бойы дайындалғанын айтады. 

"Мен ұзақ уақыт бойы жоспарладым, өз сезіміңді жасыру қиын екен. Ол менің өмірімдегі ең ғажап кездескен адамым", - деді Абай, қалыңдықты құшақтап. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети