Playboy журналының моделі Дэни Мэтерс 70 жастағы жалаңаш әйелмен суретке түскені үшін түрмеге қамалуы мүмкін, - деп хабарлайды New York Daily News.
Playboy журналының моделі Дэни Мэтерс 70 жастағы жалаңаш әйелмен суретке түскені үшін түрмеге қамалуы мүмкін, - деп хабарлайды New York Daily News.
30 жастағы модель бұл суретті "Снэпчат" желісіне жүктеген. Басылымның мәліметінше, 26 мамырда сот нақты шешім қабылдайы. Дэни Мэтерс жарты жылға түрмеге қамалып, оған мың доллар көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
© nydailynews.com
30 жастағы модельдің бұл суретті былтыр жаз айында жариялағаны белгілі болды. Осыған байланысты қызды тіпті таңертеңгі уақытта болатын танымал радиошоудан шығарып жіберген, сондай-ақ, модель өмір бойына фитнес клубтардағы залдарға бару мүмкіндігінен айырылды. Дэни барлығынан кешірім сұраған, алайда сот оның кінәсін мойындағанын жеткіліксіз деп санады. Басылымның мәліметінше, модель жеке өмірге қол сұқпаушылық туралы заңды бұзып отыр.
© Playboy
Айта кетейік, Playboy журналы 2015 жылы Дэни Мэтерсті үздік қыз деп таныған болатын. Америкалық актриса журналдық бетіне алғаш рет 2013 жылы шыққан.