Жапон блогері тікелей эфирде өз үйін байқаусызда өртеп жіберді

05 Қазан 2015, 08:57
2
Жапон блогері тікелей эфирде өз үйін байқаусызда өртеп жіберді -

Жапон блогері ойын процесін онлайн таратып отырған кезінде өз үйін байқаусызда өртеп жіберді, - деп хабарлайды The Mirror.

Ер адам Minecraft ойынын бастамас бұрын өз көрермендерімен байланысқа түскісі келеді. Бірақ ол сіріңкені жақпақ болғанда онымен бірге қорабы да жана бастайды. Оны дереу қоқыс шелегіне тастаған блогер сөндіре бастайды. 

Бірнеше минуттың ішінде қоқыс қабында жатқан қағаздар жана бастайды. Ер адам өртеніп жатқан қапты ағаш есікке қарай итереді де оны картон қорабымен сөндірмек болады. Бүкіл әлем бұл көріністі бес минуттай қарап отырады. Салдарында жапонның үйі түгелдей отқа оранады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай