Жапонияның өнертапқышы Куниако Сайто сөмкеге салуға болатын көлік жасап шығарды. Бұл туралы Massaget.kz басылымы жазды.
Жапонияның өнертапқышы Куниако Сайто сөмкеге салуға болатын көлік жасап шығарды. Бұл туралы Massaget.kz басылымы жазды.
26 жастағы жапон инженері скейтбордқа ұқсас көлігін WalkCar деп атапты. Ол мұндай көлікті қаладағы кептелістен құтылу мақсатында жасап шығарған. Сондай-ақ, өнертапқыш өз өнімінің мүмкіндігі шектеулі жандарға да көп көмек тигізетінін айтып отыр.
WalkCar алғашқы "сөмке көлігінің" салмағы 2-3 келі болмақ. Бұл тұста тұтынушы өзінің салмағына қарай сатып ала алады екен. Жаңа өнім 120 келіге дейінгі салмақтағы адамдарды алып жүре алады. Сонымен бірге, жаң көліктің көлемінің планшеттердей-ақ екені айтылады. Адам оның үстіне шықса қозғалады, егер түсе қалса бірден тоқтап қалады. Ал бұрылу үшін көлікті дене ырқымен басқаруға болады екен. WalkCar нарыққа 2016 жылдың көктемінде шықпақ. Бағасы 750 евро шамасында.