Жапония азаматы сынған орындық үшін дүкенді сотқа берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото тәуелсіз дереккөздерден алынды. Фото тәуелсіз дереккөздерден алынды.

Жапониядағы IKEA жиһаз дүкенінің филиалын сынған орындық үшін сотқа берді, - деп хабарлайды Lenta.ru  жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жапониядағы IKEA жиһаз дүкенінің филиалын сынған орындық үшін сотқа берді, - деп хабарлайды Lenta.ru  жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Осака тұрғыны сынған жиһаздың кесірінен саусағын жаралады, енді ол шығынның орнын толтыру үшін 42 миллион иена (350 мың доллар) талап етіп отыр, деп жазады Mainichi Daily News басылымы.

Кейін анықталғандай, 43 жастағы мейрамхана иесі 24 бар орындығын сатып алған, биік тұруы үшін оларға бұрандалы қоспалар жалғанады. Бірнеше күн өткенде сол орындықтардың біріне ол өзі отырды, орындық бірден төмен сырғып, биіктігі 10 сантиметрге дейін аласарды. Ер адам тепе-теңдікті сақтай алмай, еденге құлады. Сөйтіп ол оң қолының бас бармағын қайырып алды. Жәбірленуші қолына пышақ та ұстай алмайды, деп жазды басылым.

2013 жылы маусымда осыған ұқсас оқиға болды, бірақ ол кезде ер адам мойнын ауыртып алған болатын. 2014 жылдың желтоқсан айында болған сотта IKEA өзіне тағылған айыпты мойындамады. Корпорацияның мәлімдеуінше, олар мұндай орындықтың 300 мыңға жуығын 40-тан астам елге сатқан, бірақ қазір ол орындықтардың өндірісі тоқтаған. Бірақ Жапония азаматы соттасуды тоқтатпайтынын айтты, ол өзгелердің өзі сияқты жапа шеккенін қаламайды.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro