Жапониядағы мысықтар мен иттер өмір сүру ұзақтығы жөнінен рекорд орнатып жатыр

27 Қыркүйек 2016, 16:59
0
Жапониядағы мысықтар мен иттер өмір сүру ұзақтығы жөнінен рекорд орнатып жатыр - © REUTERS/Thomas Peter
© REUTERS/Thomas Peter

Жапониядағы мысықтар мен иттер өмір сүру ұзақтығы жөнінен рекорд орнатып жатыр. Олардың өмір сүру ұзақтығы - 13,2 мен 11,9 жыл, - деп жазады Bloomberg. Бұл туралы Токио ауыл шаруашылығы және технология университеті мен Жапония ұсақ жануарлар дәрігерлері ассоциациясының сарапшылары мәлімдеді.

Сарапшылар жануарлардың осылайша ұзақ өмір сүруінің себебі деп оларды вакцинациялау, мал дәрігерлері қызметінің жетілуі мен жануарларға берілетін сапалы тағамды атап отыр. Сондай-ақ, Жапониядағы үй жануарларының саны балалардың санынан асып түскені де айтылады. 2015 жылдың өзінде Жапонияда 19,8 миллион ит пен мысық тіркелген екен. Ал 14 жасқа дейінгі балалардың саны 15,9 болған.

Ел үкіметінің 2010 жылы жүргізген зерттеуіне сәйкес, Жапонияда әрбір үйдің шамамен 34 пайызы жануар асырайды. "Адамдар тез қартаятын және жалғыздықта өмір сүретін елде жануарлар саны бойынша адамдардан озып кететін көрінеді. Жануарлардың иелері оларды тамақтандырып, киіндіріп, тіпті массаж да жасатады", - делінген жарияланған мақалада.


© REUTERS/Thomas Peter


© REUTERS/ Leonhard Foeger


© REUTERS / Carlos Barria


© REUTERS/ Thomas Peter


© REUTERS/Yurioko Nakao


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай