Жас жұбайлар су астында некелесті

26 Тамыз 2015, 15:37
0
Жас жұбайлар су астында некелесті - © Youtube.com
© Youtube.com

Америкалық жас жұбайлар су астында некелесті, - деп хабарлайды ТengrinewsTV.

Олар некелесу рәсімін Майами штатына жақын маңда өткізді. Олар бұл орынды әдейілеп таңдаған. Осыдан 50 жыл бұрын бұл жерге Христостың мүсіні орнатылыпты. Осыған орай Кимберли Триолет пен Хорхе Родригес жеті метр тереңдікте бір біріне сақина тақты. Нотариус арнайы қағаз арқылы олардың некесін заңдастырды. Жас жұптың некелескен сәтін достары видеоға түсіріп жүрді.

Айта кетейік, бұл орын туристер көп келетін жерге айналып үлгерген. Оған арнайы құрылғылардың көмегімен оңай жетуге болады.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай