24 маусым 2016 | 14:51

Жас жұбайлар үйлену тойына Нұрсұлтан Назарбаевты шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтаулық жас жұбайлар үйлену тойына Нұрсұлтан Назарбаевты шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтаулық жас жұбайлар үйлену тойына Нұрсұлтан Назарбаевты шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жастар Әсел Қаржауова мен Мейрамбек Исаевтың айтуынша, құрметті қонақ ретінде ҚР президенті Назарбаевты шақыру күйеу баланың ойына келіпті. Ол Мемлекет басшысына шақырту жіберіпті.

Маңғыстау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер жас жұбайлардың Нұрсұлтан Назарбаевқа шақырту жібергенін, алайда Мемлекет басшысының тығыз күн кестесіне байланысты азаматтардың тойына бара алмайтынын хабарлады. Алайда Президент жастарды өз атынан құттықтап, сыйлық жасауды аймақ басшысына тапсырыпты.  

"Шынымды айтсам, бұл күйеуімнің ойы еді, мен соңына дейін ештеңе білмедім. Бізді облыстық әкімдікке әкіммен кездесуге шақырғанда мен таңғалдым, тіпті сенбедім. Мейрамбек барлығын өзі жоспарлап, маған тосын сый жасапты", - деді Әсел Қаржауова.

Жастарды Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев құттықтады. "Жұптар заңды түрде некелесіп жатса, отбасы құрып жатрса, бақытты болып жатса біз қуанамыз. Жастар, мен сіздерге отбасыларыңызды бағалап, бір-бірлеріңізді құрметтеуіңіз керек", - деді ол.

Әсел мен Мейрамбектің неке қию рәсімі 26 маусымда өтеді. Басты сыйлық Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан берілген құттықтау телеграммасы. Жастарға Маңғыстау облыстық әкімдігі жаңа теледидар сыйлады.

"Біз осылай назарға алып отырғанына алғыс айтамыз. Біз үшін үлкен құрмет. Сыйлықтарыңызға, жақсы тілектеріңізге рақмет. Маңғыстау облысының көркеюіне үлесімізді қосамыз деп үміттенемін", - деді күйеубала Мейрамбек.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети