20 мамыр 2014 | 16:03

"Жаужүрек мың бала" фильмінің жұлдызы тұрмысқа шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлия Телебарисова және оның сүйіктісі VI опералық баллда. Фото Алмаз Толеке© Әлия Телебарисова және оның сүйіктісі VI опералық баллда. Фото Алмаз Толеке©

"Жаужүрек мың бала" тарихи фильмінен кейін танымалдыққа ие болған актриса Әлия Телебарисова тұрмысқа шығады. Бұл туралы актрисаның өзі Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

"Жаужүрек мың бала" тарихи фильмінен кейін танымалдыққа ие болған актриса Әлия Телебарисова тұрмысқа шығады. Бұл туралы актрисаның өзі Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады.

Актриса өз қалаулысының аты-жөнін тойға дейін атамай тұруды жөн көрген. "Мен өте бақыттымын. Біз бір-бірімізді сүйеміз. Ол өзі өнер саласында қызмет етпесе де, өте жасампаз. Біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Ол маған барлық жағынан қолдау білдіріп отырады. Ең бастысы ол маған сүйеніш бола біледі", - деді Әлия Телебарисова.

Қыз ұзату тойы 7 маусымда Алматыда өтеді, ал салтанатты неке қию рәсімі 14 маусымға белгіленген. Тойға туыстары, жақын достары және әріптестері шақырылған.

Айта кетейік, Әлия Телебарисова Ақан Сатаевтың "Ағайынды" сериалында сынға түскен, кейін кастингтен өтіп, "Жаужүрек мың бала" фильмінде Зеренің рөлін сомдаған. Аталмыш кинокартина қалың көрермен арасында үлкен серпіліс туғызды. Әлия 2011 жылы "Алматы аруы" байқауының жеңімпазы атанған, осыдан кейін ол "Қазақстан аруы" байқауына қатысуы тиіс болған, алайда оқуына байланысты оған қатысудан бас тартқан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети