28 ақпан 2020 | 10:56

Желі қолданушылары ақтаулық мейірімді қыздың видеосын талқылап жатыр

Видеодан алынған кадр

Ақтауда мұқтаж ер адамға көмектескен мейірімді қыздың видеосы Желі қолданушыларын тамсандырды, - деп хабарлайды Lada.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда мұқтаж ер адамға көмектескен мейірімді қыздың видеосы Желі қолданушыларын тамсандырды, - деп хабарлайды Lada.kz.

Видеоны Lada.kz редакциясына оқырмандар жіберген. Ролик сипаттамасындағы ақпаратқа қарағанда оқиға 27 ақпанда кешке екінші шағын ауданындағы "Ақтау" қонақүйінің маңында болған. Кадрлардан сегіз-тоғыз жастағы қыздың алдымен әмиянынан ақша іздеп, содан кейін мұқтаж ер адамға бергенін көруге болады. 

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ АКТАУ (@ladakz) 27 Фев 2020 в 7:32 PST

"Сөз жоқ", - деп жазған ролик авторы.

Ниеті ізгі оқушының әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларының көңілін босатты. Көбі қыздың тәрбиесіне мән беріп, ата-анасына алғыс айтып жатыр.

"Әке-шешесі жақсы адамдар", - деп жазған оқырмандардың бірі. 

"Ақ жүректі періште", - деген тағы бірі.

Осыған дейін Желі қолданушылары Атыраудағы өте сыпайы таксистің видеосын талқылаған еді.

Бірнеше сағат ішінде роликті 2,5 мыңнан аса адам көрген болатын. "Бізде жақсы, ұқыпты жүргізушілер көп. Олардың жалақысын көтерсін, әбден лайық!", - деп жазған пікір қалдырғандардың бірі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная