26 қазан 2019 09:48

Желі қолданушылары Атыраудағы өте сыпайы таксистің видеосын талқылап жатыр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook/Динара Мулжігітова © facebook/Динара Мулжігітова

Facebook қолданушысы Динара Мулжігітова өзінің парақшасында өте сыпайы таксистің видеосын жүктеді, - деп жазады BaigeNews.


Facebook қолданушысы Динара Мулжігітова өзінің парақшасында өте сыпайы таксистің видеосын жүктеді, - деп жазады BaigeNews.

Мәселен, жүргізуші сапар басында клиентінен "Бензиннің, темекінің, алкоголь немесе майдың иісі сезілмей ме?" деген сұрақ қояды.

Келіншектің жауабына қанағаттанған таксист "керемет" дейді. Сапар барысында ер адам "ерекше" дауыспен "жолаушыларға ұсынылатын қозғалу жылдамдығы - сағатына 50 шақырым" деп хабарлайды. "Сіз мұндай жылдамдықты өзекті және жайлы деп санайсыз ба?", - деп таксист сұрайды, оған оң жауап алады.

"Бұл сіздің қауіпсіздігіңіз үшін ғана емес, сонымен қатар ереже бұзбай, оған ақша төлеудің қажеті жоқ деп алаңдамай жүруіміз үшін керек", - деп түсіндіреді жүргізуші.

"Аталған көлік құралының бортында самсунг базасындағы Android гаджеттері үшін зарядтау құрылғылары бар. Қызмет көрсету тегін, all-инклюзив форматында", - дейді таксист.

Сонымен қатар, көлік салонында "омыртқаның мойын бөлігіне массаж жасайтын" құрылғы бар екен. Ондай ұсыныстан бас тарту қиын. Жүргізуші бұл қызметтің де тегін екенін мәлімдеді.

Бірнеше сағат ішінде роликті 2,5 мыңнан аса адам көрді. "Бізде жақсы, ұқыпты жүргізушілер көп. Олардың жалақысын көтерсін, әбден лайық!", - деп жазған пікір қалдырғандардың бірі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети