Әлеуметтік желіде қолданушылар Айболат Құбашевті жергілікті Роналдиньо деп атап кетті. Ол футбол фристайлымен шұғылданып жатқан жерлерін видеоға түсіріп, Instagram желісінде жариялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айболат 19 жаста, 3,5 жылдан бері футбол фристайлымен айналысып келеді. Ол жаттығуларды Ғаламтордағы роликтерге қарап, өздігінен жасайды екен.
"Бұл да бір спорт түрі, бірақ көбінесе шоу ретінде шығар. Мен спорттың осындай түріне қатты қызықтым. Ғаламтордан роликтерді көре бастадым. Атақты Роналдиньо есімді футболшы бар, соның өнерін көріп, мен неге осыны үйренбеймін деп ойладым. Барлық трюктерді өзім үйрендім, ешкім жаттықтырған жоқ. Футбол ойнағанмын, қазір тастап кеттім", - дейді Құбашев.
Қазіргі уақытта жас талант Орал қаласындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде спорт факультетінде оқиды және футбол фристайлымен шұғылданады екен.
Ол өзінің осы бастамасын қолдаған барша қазақстандықтарға алғыс білдірді. "Барлықтарыңызға рақмет. Мен осы бағытты дамытсам деймін, себебі Қазақстанда әзірге мұндай жоқ. Бірақ мамыр айының басында Астанада футбол фристайлынан жарыс ұйымдастырылады, соған қатысамын", - деді Құбашев.