06 қыркүйек 2019 09:35

Желіде Димаштың кішкентай жанкүйерінің видеосы жарияланды

Видео кадры Видео кадры

Желіде әжесінен Димаш Құдайбергеннің әнін қоюды сұраған кішкентай қыздың видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Желіде әжесінен Димаш Құдайбергеннің әнін қоюды сұраған кішкентай қыздың видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Бейнеролик Димаштың америкалық фан-клубының Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған. Кішкентай жанкүйер шамамен бір жастан асқан. Ол компьютерге еңбектеп келіп, әншінің атын бірнеше рет айтқан. 

"Мен немеремнің ноутбукке қарап "Димаш! Димаш!" деп жатқанын байқадым", - дейді жазба авторы. 

Вижео Желі қолданушыларының көңілін көтеріп тастады. Олар кішкентай қызды "өте сүйкімді" деп, жасына қарамастан музыкалық талғамының жоғары екенін атап өткен. 

Бұған дейін Димаш өзінің тағы кішкентай жанкүйері, дыбыс режиссері және дыбыс әрлеуші Ерлан Бекчуриннің ұлының видеосымен бөліскен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети