12 қараша 2020 18:23

Желіде жедел жәрдем қызметкерлері билеп жатқан видео талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Желіде Нұр-Сұлтандағы жедел жәрдем қызметкерлері билеп жатқан видео талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Нұр-Сұлтандағы жедел жәрдем қызметкерлері билеп жатқан видео талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі zhaloby_astana парақшасында жарияланды.

"Бұл видеоны маған осымен 12-рет жіберіп жатыр. Елдер наразылық білдіріп жатыр. Tik Tok-тағы видео. Бізде билеуге тыйым салынбаған болатын", - деп жазады видео авторы.

Айта кетейік, қолданушылар видеоға түрлі пікірлер білдіріп жатыр.

 

Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасындағылар осы видеоға қатысты пікір білдірді.

"Жедел жәрдем каретасы мен фельдшерлер қаланың бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарының бірінің қызметкерлері. Бұл видео олардың ауысымы кезінде түсірілген. Олар осылайша кішкене жаттығу жасап алған. Фельдшерлер жұмыс уақытында көбіне көлікте отырады. Сондықтан олар бос уақытты пайдаланып, жаттығу жасаған", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети