Желіде карантин кезінде өткен үйлену тойының видеосы тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде карантин кезінде өткен үйлену тойының видеосы тарап жатыр

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысында болған үйлену тойының видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысында болған үйлену тойының видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Карантин кезінде отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйым салынғандықтан полиция қазіргі уақытта видеодағы адамдарды іздестіріп жатыр.

Видео Instagram желісіндегі ztb_kz парақшасында жарияланды. Видео авторлары үйлену тойының Түркістан облысында болғанын айтады.

"Үйлену тойы үйдің ауласында өткен, ал қонақтар пандемияға дейінгі тойлардағыдай өте көп. Қолданушылардың бірі үйлену тойын ұйымдастырған адамды айыптаса, өзгелері бұл жағдайға түсіністікпен қарайды", - делінген видеоның сипаттамасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

"Полиция осы іс-шараның қашан және қайда өткенін анықтайды. Егер Той карантин кезінде өткен болса, онда той иелері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  462-бабы, 3-бөлігі ("Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары берген заңды талаптарды немесе қаулыларды орындамау немесе тиісінше орындамау") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді полицейлер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети