Желіде "Мағрипа Харипуллаевна" есімді қыз пайда болды

24 Қыркүйек 2017, 14:27
0
Желіде "Мағрипа Харипуллаевна" есімді қыз пайда болды - © Facebook/Asel Mukanali
© Facebook/Asel Mukanali

КВН ойынындағы "Камызяки" командасының әзіл қойылымындағы "Мағрипа Харипуллаевна" деген кейіпкер Желіде танымал болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада өткен КВН Жазғы кубогында "Камызяки" командасы судьяның әйелі ретінде таныстырылған ойдан құралған Мағрипа Харипуллаевна жайлы әзіл айтады. Бұл әзіл кейін Интернетте танымал болды. (Видеоның 9,58 минутынан бастап көріңіздер).

Енді Facebook әлеуметтік желісінде "Мағрипа Харипуллаевна" есімді қыз пайда болды.

Бұл парақшаның иесі 32 жастағы Асель екен. Айтуынша, ол өз туыстары мен достарына қалжыңдау үшін КВН әзіліндегі кейіпкердің атына ауыстырып алыпты.

"Бұл бастапқыда Facebook желісіндегі достарымды алдау үшін жасалған еді. Басқа мүддесі жоқ. Кейбірі КВН ойынынан кейін менің жалған ат қойып алғанымды білсе, кейбірі шын мәнінде мұндай адам өмірде бар екен деп ойлап қалыпты", - деді ол.


© Facebook/Asel Mukanali

Парақшаға достық ұсынатындар көбейгенімен Асель ешкімді де қабылдамағанын айтады. 

"Достыққа сұранғандардың көптігіне қарағанда қызығушылық бар. Достарым мен туыстарыма қалжыңдау үшін осындай ат қойғаныма байланысты танымайтын адамдарды қабылдамай жүрмін және хатқа да жауап бермеймін", - дейді Асель.


© Facebook/Asel Mukanali

Асель ШҚО-ның Серебрянск қаласының тумасы. 21 жасынан бері Қырғызстанның Бішкек қаласында тұрады екен.

"Қазір өмірімдегі сынақтан өтіп жатырмын, екі аяғыма да жақында ота жасалған, енді жүруді үйренудемін. Қазір Бішкекте тұрамын. Шет тілдерінен сабақ беремін, аударма жасаймын", - деп әңгімеледі Асель өзі жайлы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай