Жемқорлықпен күресу акциясы аясында шымкенттіктерге он мың теңгелік купюраға ұқсайтын қағаздар таратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Флешмобты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері өткізді. Купюраларды жемқорларға сыйақы ретінде беріп, жемқорлықпен күресудің жолы ұсынылды.

Таңырқаған шымкенттіктер банкноттың түсі мен номиналының ғана шын купюраға ұқсайтынын бірден аңғармаған. "Бұл жерде егер сен сатып алсаң, сені де сатып алуға болады, бірақ сенің құнің 0 теңге деп жазылып тұр", - деді белсенділер. Мемлекеттік қызмет істері департаменті бөлімінің басшысы Гүлжан Мусабекованың айтуынша, бұл әсіресе білім саласында жүргендер үшін маңызды екен. "Біз жиналыс жасағанда, аттестациядан өту үшін мұғалімдер ақша жинап директорға, директор тиісті тұлғаға беретінін білдік. Сосын аттестациялаудан қалаулары бойынша өтеді", - деді ол. Акция барысында барлығы 300 купюра таратылған.
Оның дизайнын ұзақ ойландық, қай банкноттың дизайнын негізгі етіп алатынымызды білмедік. Нәтижесінде жемқорлар арасында көп таралған банкнотты таңдадық. "Біз басында 5 мың теңгенің, кейін 2 мың теңгенің дизайнын алайық деп ойладық. Бірақ қазір 2 мың теңге пара болып есептелмейді. Бұрын 3 мың, 5 мың тенгелік таратқанбыз, бірақ оған ешкім назар аудармады. Қазір ең төменгі сома - 10 мың теңге", - деді Мусабекова.
Алдағы уақытта жемқорлықпен күресудің бұл тәсілі Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарында да өтеді. Басқа жерлерде де жемқорлардың "ставкасының" өсуіне байланысты бұл жолы да 10 мың теңгелік купюраларды таратуды шешіпті.