14 қаңтар 2022 | 17:03

"Жоқ, өлтірме деп айғайлады". Ұлттық ұлан сарбаздары бүлікшілерге қалай қарсы тұрғанын айтып берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан қалаларында, әсіресе Алматыда болған тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық ұланның 400-ден аса жауынгері жараланған. Әскерилер бүлікшілерге қалай тойтарыс берді Tengrinews.kz тілшісі материалында.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан қалаларында, әсіресе Алматыда болған тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық ұланның 400-ден аса жауынгері жараланған. Әскерилер бүлікшілерге қалай тойтарыс берді Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Алматы гарнизонында әскери қызметтің күшейтілген режимі 4 қаңтарда басталған. Бұл күні қақтығыс кезінде подполковник Жандос Құлбаев ауыр жараланған. Ол № 6654 әскери бөлім командирінің тәрбие және қоғамдық жұмыстар жөніндегі орынбасары. Қазір ол ауруханада жатыр.

"Алматыға Қаракемер ауылынан бірінші дабыл түскенде келдік. Митинг кезінде басқа әскери бөлім сарбаздарымен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жолға шықтық. Республика алаңына бардық.

Күтпеген жерден тәртіпсіздік басталды. Біз адамдарды алаңнан ығыстырып, алға жылжыдық: Сәтбаев көшесі бойымен Сейфуллин көшесіне жеттік. Көп ұзамай арнайы құрал таусылды", - деді офицер сол күнді еске алып.

Оның айтуынша, осыдан кейін оларға шеруге шыққандардың бәрі жұмыла бастаған. Олар сарбаздарды ұрған. Осы кезде Құлбаев ілгері шығып, жаралы жолдастарын алып кетпек болған.

"Жауынгерді қарсы топтың қолында қалдыруға болмайды ғой, бір сарбазды қолтықтағанымда үстіме соққылар тиді. Көптің ортасында қалдым. Соққылар бірінен соң бірі тиіп жатты. Есімде, біреу басыма темір затты тығып алмақшы болды, бірақ басқа біреу: "Жоқ, өлтірме!" деп айғайлады. Жолым болды, олар тоқтады. Әскери киімімді шешіп алып, өзімді жіберді. Бір кереметтің арқасында әріптестеріме жеттім", - деп қосты ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ ВСЕГО МИРА (@qazaqstan_eli)

Сол күні зардап шеккендердің бірі – Ұлттық ұланның кіші сержанты Гүлпері Қошиева. Әскери қызметкерлерге медициналық көмек көрсеткен. Бірақ тәртіпсіздіктер кезінде шерушілер офицерді жаралаған.

"Біз жедел жәрдем көліктеріне жаралы сарбаздар мен мерзімді әскерилерді отырғызып, әрекет ету сапының артында болдық. Наразылық білдірушілер саны жылдам өсіп, әскерилер шабуылға төтеп бере алмады. Ал көлігіміз қоршауда қалды.

Әрине, көлікке отырып кері шегінуге болатын еді. Бірақ соңына дейін тұрған жерімізде қалдық. Өйткені, жүрсек адамдарды соғуымыз мүмкін. Кенет жұрт көліктің терезесін сындырып, бізді түрлі заттармен ұра бастады. Бірнеше соққы тиді", - деп есіне алады ол.

Қошиеваның айтуынша, осыдан кейін наразылық білдірушілердің бірі оны танып, көліктен шығарып, қауіпсіз жерге алып кеткен. Содан кейін ер адам оған жедел жәрдем шақырған.

Кіші сержант Гүлпері Қошиева

Батальонның штаб бастығы майор Айбек Ержанов пен оның орынбасары капитан Мейрамбек Талапкер Ұлттық ұлан күшіне арнайы техника жеткізген. Олар оқиға орнына Қаракемер ауылынан келген. Уақытында жеткен олар әріптестерін арнайы техникамен қаруландырған. Содан кейін наразылық білдірушілер ортасына кіріп, өртеніп кеткен жедел жәрдем көлігін тауып алып, оның мемлекеттік нөмірлерін алған. Сондай-ақ, сарбаздарды құтқарған.

"Сарбаздарды іздеуге кірістік. Олардың арасында әскери қызметкер Еркін Айдар жоқ екенін білдік. Оны қаладан іздей бастадық: облыстық ауруханаға бардық. Сарбаздың аман қалғаны қуантады. Соған қарамастан оған медициналық көмек қажет болды. Оны соңына дейін күтіп, әскери бөлімге қайтардық", - деп еске алады офицерлер.

Тәртіпсіздіктер кезінде 400-ден аса әскери қызметкер әртүрлі дәрежеде жарақаттар алған. Екі ұлан оқ жарақатын алған. Офицерлер, мерзімді әскери қызметшілер мен сарбаздардың қолы, аяғы сынған, басы мен денесі жараланған.

"Жараланған әскери қызметшілер қажетті медициналық көмек көрсеткеннен кейін ұрыс құрамасына қайта оралуға ұмтылды. Лаңкестермен қақтығысқа қатысқан әскери қызметкерлер бөлімдерге қайтқан деректері анықталды. Соққыға ұшырап, жараланған олар оралып, қайтадан ұрыс құрамаларына қосылды", - деді Ұлттық ұлан өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети