Бахрейн мәдениет министрі әріптестерімен сөйлесіп тұрған кезде журналистердің бірі оның ұялы телефонын ұрлап кетті, - деп хабарлайды РИА Новости. Оқиға министр Маи бинт Мұхаммед әл Халифаның Марокконың Танжер қаласына сапары кезінде болды.

Ұялы телефонының ұрланғанын байқаған министр полицияға шағымданды. Құқық қорғау қызметкерлері қылмыстың бейнебақылау камераларына іліккенін анықтады. Бейнежазбадан жергілікті журналист қыздардың бірінің министрдің үстеліндегі ұялы телефонды алып, сөмкесіне салғанын көруге болады. Бұқаралық ақпарат құралы қызметкері өз үйінің маңынан ұсталды. Ол кінәсін мойындап, ұрланған затты қайтарды.
Бұған дейін Вьетнам санитар дәрігерінің тікелей эфир кезінде өз ұялы телефонын лақтырып жібергені хабарланған еді. Санитар дәрігер жергілікті телеарналардың бірінің таңғы шоу бағдарламасына Лангшон провинциясындағы Раммасун тайфунының салдары туралы әңгімелеуге шақырылған. Әңгіме барысында телефоны шырылдайды, оған наразы болған студия қонағы телефонын лақтырып жібереді. Бірақ ештеңе болмағандай әңгімесін жалғастыра кетеді. YouTube-ке орналастырылған бұл бейнероликті бірнеше күн ішінде екі миллионнан астам адам тамашалады.