Жынысын ауыстырып, Кейтлин деген есімге ие болған Ким Кардашьянның өгей әкесі Брюс Дженнер Twitter желісіндегі АҚШ президенті Барак Обаманың жазылушыларды жинау жылдамдығынан жасаған рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Lenta.ru The Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Жынысын ауыстырып, Кейтлин деген есімге ие болған Ким Кардашьянның өгей әкесі Брюс Дженнер Twitter желісіндегі АҚШ президенті Барак Обаманың жазылушыларды жинау жылдамдығынан жасаған рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Lenta.ru The Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Порталдың мәліметінше, оның микроблогына 3 сағат 6 минуттың ішінде миллион қолданушы жазылған, ал Обаманың ресми парақшасы мұншалықты қолданушылар көрсеткішіне 57 минуттан кейін бірақ жеткен.
"Дженнер Twitter желісіне тіркелгеннен кейінгі 1 сағаттың ішінде оның парақшасына 280 мың адам жазылған. Материал жазылған кездегі көрсеткіш - 1,9 миллион", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, Дженнердің бірінші твитінде Vanity Fair журналының мұқабасына шыққан, жынысын ауыстырғаннан кейінгі түсірілген суреттері жарияланды. "Ұзақ жылдардан бергі күрестен кейін бақыттымын. Кейтлиннің әлеміне қош келдіңіздер", - деп жазды Кардашьянның өгей әкесі.
Қолданушылар Дженнердің парақшасына Барак Обаманың жазбасынан кейін жаппай жазыла бастаған, АҚШ президенті: "Өз тарихыңды айту үшін батылдық қажет", - деп жазды.
Брюс Дженнер 1976 жылы он сатылы жарыстың олимпиада чемпионы атанған. Спорттың осы түрі бойынша әлем чемпионы деген атаққа ол 1975-1980 жылдары ие болды. Ол 2000 жылдары "Кардашьян әулеті" деген шоу эфирге шыққаннан кейін таныла бастады. 2013 жылы әйелі Крис Дженнермен ажырасып, бірнеше жылдан кейін жынысын ауыстыратынын мәлімдеді. Ол мұндай шешімге өмір бақи ұмтылғанын айтты. 1 маусымда Дженнерге операцияның жасалып, оның әйел болғаны анықталды.