23 шілде 2014 | 11:44

Қадір түні – бүгін. Қалай қарсы алу керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Қасиетті Қадір түнінде не істеуім керек, неден бастаймын? Жалпы Қадір түнін қалай қарсы алу керек?


Иконка комментария блок соц сети

 Қасиетті Қадір түнінде не істеуім керек, неден бастаймын? Жалпы Қадір түнін қалай қарсы алу керек?

Асылбек, «Алаш айнасының» сайтына түскен сұрақтан.

Шілденің 23-інен 24-іне қараған түні күн батқан уақытта Қасиетті Қадір түні кіреді. Бұл күні Алланың мейірімінен үміт еткен әрбір адам Қадір түні кірместен бұрын толық шомылып, дәрет алып, таза киім киіп, үстіне хош иісті әтір сеуіп, қасиетті түнді күтуге дайындық жасауы тиіс. Қадір түні – Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Құран Кәрім түскен күн. Яғни бұл түнді Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ең бірінші Құран оқудан бастаған. Ендеше біз де бұл түні Құран Кәрім оқудан бастағанымыз дұрыс. Құранның қазақша нұсқасын оқып, ондағы жазылған аяттардың мағынасын түсінуге тырысауымыз керек. Негізі Қадір түнін лажы болса, Алланың үйі – мешітте өткізген абзал. Өйткені үйде күткенде адам қанша дегенмен ұйқы қысып, қалғып кетуі мүмкін. Ал мешітте көпшілік құлшылық жасап жүреді, онда уағыз айтылады, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алуына болады. Мешіттерде неше түрлі діни кітаптар бар, оларды да оқуға болады. Қадір түні үйде немесе мешіттерде діни кітап оқып, діни фильмдер көрудің өзі ғибадат болып саналады.

Бір ерекше айтып кететін жайт, Қадір түні Қыдыр ата келеді деп дастархан жайып, есіп-терезелерді ашып қойып, ыдыстарға су толтырудың керегі жоқ. Қадір түні аспаннан періштелер түсетіні сөзсіз. Бірақ олар суға, тағы басқа нәрселерге мұқтаж емес. Өйткені олар ішпейді де, жемейді де. Ал Қыдыр атаға қатысты айтатын болсақ, қасиетті Қадір түнімен Қыдыр атаның бір-бірімен мүлдем қатысы жоқ, екеуі екі басқа ұғымды білдіреді. Қыдыр ата – бізге, яғни қазақ даласы мұсылман діні келмей тұрғандағы түсінік. Қазақтар Ұлыс күнді «жыл басы» санайды. Бұл күн – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күн» деп атаған. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша, 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қыдыр түні» деп аталаған. Әр үйге кіріп шығады деген түсінік бар, сондықтан бұл күні есікті ашып қойып отырған. Ал Қадір түніне келетін болсақ, бұл ислам, яғни мұсылмандардың түсінігі бойынша Алла Тағаланың қасиетті кітабы – Құран Кәрімнің алғашқы аяттары түскен күн. Осы кештің қасиеті мың айдан артық делінген аят бар. Мұсылмандар бұл түнді ұйқысыз өткізіп, он сегіз мың ғаламды, барша адамзатты, бүкіл тіршілікті жаратушы жалғыз Алладан тілек тілеген. Сондықтан бұл екі ұғымды шатастырмауымыз керек.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети