21 қыркүйек 2017 | 12:38

Қалай 2 миллион теңге ұтып алуға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда "Бақытты 7" және "Алтын" лотереяларының сатылымы басталды. Енді республиканың әрбір тұрғыны бір сәтте екі миллион теңгеге дейін ақша ұтып ала алады. "Сәтті Жұлдыз" АҚ бірыңғай лотереялар операторының мәліметінше, екі ұтыс ойынында жүлде қоры -  468 миллион теңге.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда "Бақытты 7" және "Алтын" лотереяларының сатылымы басталды. Енді республиканың әрбір тұрғыны бір сәтте екі миллион теңгеге дейін ақша ұтып ала алады. "Сәтті Жұлдыз" АҚ бірыңғай лотереялар операторының мәліметінше, екі ұтыс ойынында жүлде қоры -  468 миллион теңге.

"Бақытты 7" лотерея билеті 300 теңге тұрады - ол билетпен максимум бір миллион теңге ұтып алуға болады. Ал "Алтын" лотерея билетінің бағасы - 500 - теңге. Бұл билетпен бір сәтте максимум екі миллион теңге ұтуға болады Лотереялардың жалпы таралымы - 2 миллин 100 мың билет. Олардың 450 мыңында ұтыс бар. Ескерткіміз келетіні, ҚР Салық кодексіне сәйкес, минималдық жалақының 50 пайызынна асатын лотореялар ұтысы немесе 12 мың теңгеден асатын жүлделерге салық салынады", - деді компанияның  пиар-директоры Нұркен Халықберген.

Лоторея ұйымдастырушылардың айтуынша, осы ұтыс ойынының басты артықшылықтарының бірі бұл Қазақстанда алғаш рет әлемдік лотореялар ассоциациясының (WorldLotteryAssociation, WLA) халықаралық талаптарына сәйкес келетін лотерея болып отыр. 

"Біріншіден, Лотереялық есептілік орталығы құрылды. Бұл әлем бойынша сатылған лотореялық билеттерге қатыс ты мәліметтердің барлығын көріп отыруға, сатылған лоторея билеттерден түскен ақшаларды, жалпы жұлде қорына қанша ақша жиналғанын және жеңіске жеткен қазақстандықтарға берілген ақшаларды көріп отыруға мүмкіндік беретін ақпараттық-бағдарламалық кешен. Мұндай мәліметтер Қазақстандағы лотерея тарияхында алғаш рет мемлекеттік органдарға жіберіледі: осы салалардағы мемлекеттік реттеушілер ҚР Мемлекеттік кірістер департаменті мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі", - деді "Сәтті Жұлдыз" АҚ өкілдері.

"Барлық билет компьютерлік жүйе арқылы сатылады. Сіз билетті сатып алғанда, он бірден сауда терминалы арқылы іске қосылады. Өз кезегінде сауда терминалы мәліметті орталық серверге жібереді, ол өз кезегінде бұл мәліметпен ҚР салық қызметімен және ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бөліседі. Одан ары сауда терминалына бұл билеттің іске қосылғаны туралы растау келеді. Мемлекет Қазақстан бойынша әрбір сатылған билетті бақылап отырады. Лотерея сатылымынан түскен қаражаттың жартысы жүлде қорына жұмсалады. Сәйкесінше мемлекет салық қанша болатынын анықтайды. Жаңа заңда жиналған қаражаттың 10 пайызы спортты дамытуға жұмсау туралы талап бар. "Сәтті Жұлдыз" АҚ өз еркіен бұл санды 15 пайызға дейін көтерді. Сонымен қатар, барлық ұтыс кездейсоқ сан таңдау генераторы арқылы жасалатынын атап өтейік. Қазақстандық мезеттік лотерея билеттері Лидс қаласында (Ұлыбритания) орналасқан лоторея билеттерінің тәуелсіз фабрикасында шығарылды және бұл фабрика Scientific Games корпорациясына тиесілі, мұнда әлемнің барлық лотерея билеттерінің 70 пайызы шығарылады. Ұтыс комбинацияларын билеттерге робот басады, билет туралы мәлімет фишрланып, компьютерлік жүйеде сақталады, ол ешкімге де қолжетімді емес. Зауыт қызметкерлері де, лотерея операторының өкілдері де, мемлекеттік орган өкілдері де бұл мәліметке қол жеткізе алмайды. Дәл осындай жолмен Еуропада, АҚШ-та, Жапонияда және Азияда лотереялар жұмыс істейді", - деп атап өтті "Сәтті Жұлдыз" АҚ пиар-директоры Нұркен Халықберген.

Құрастырушылар лотереяның қауіпсіздігіндегі ең басты ұтымдылығы билеттердің қорғаныс қабаттарының көптігі деп есептейді, оның ішінде басып шығару технологиясы, қолданылатын қағаз, бояу, сонымен қатар QR-код ерекшелігі, оның арқасында сатушы ұтыстың шын-өтірігін тексере алады әрі бұл арқылы билет ұрлау деректеріне жол бермейді.

"Ойын мәліметімен қатар қорғаныс қабатында шифрленген мәліметі бар QR-код бар, сол арқылы сауда терминалы есептеп, орталық серверге жолдайды. Орталық сервер ұтыс комбинациясын тексереді. Осыдан кейін сауда терминалы билеттің шын мәнінде ұтыс әкелгенін растайды", - деді "Сәтті Жұлдыз" компаниясындағылар.

Қазақстандықтар таяу күндері өз бағын сынап көре алады. "Бақытты 7" және "Алтын" мезеттік лотерея билеттерін ХҚКО-ларда, "Қазпошта" бөлімшелерінде, "Мега" сауда, ойын-сауық орталықтарында және Magnum Cash & Carry филиалдарында сатып алуға болады.

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.51   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети