15 мамыр 2015 | 15:28

"Қанаты бар" ғалым Дубайдың үстінен ұшып өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Jetman.com © Jetman.com

Швейцариялық экстремал, ұшқыш әрі өнертапқыш Ив Росси Jet Man аспалы қанатымен Дубайдың үстінен ұшып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол құрылғыны өзі құрастырып шыққан. Россимен бірге оның досы Винс Реффет те ұшты. Олар өздерінің ұшып сүрген сәтін видеоға түсіріп алып, 11 мамырда YouTube порталына жүктеді.

Иконка комментария блок соц сети

12 минуттық видеоролик шлемге қыстырылған GoPro камерасымен түсірілген. Сонымен қатар, олардың іздерінен еріп жүретін самолет құрастырып, оған да камера қойған. 

Екі ұшқыш саяхаттарын қаланың сыртындағы құмды даладан бастап, жасанды Пальма аралының үстімен ұшып, кейін әлемдегі ең биік Бурдж-Халифа ғимаратын айналып өтті. 

Реактивті Jet Man аспалы қанатын швейцариялық ғалым 2004 жылы бастап жасаған. Қанат механикалық емес. Яғни, Jet Man қанаты дене қозғалысымен басқарылады. Ол үшін аяқты, қол мен басты қозғалту керек. 

Жоғарғы биіктікте ұшу үшін Росси тікұшақтың қанатынан секірді. Жерге қону үшін парашют пайдаланды. Аспалы қанаттың салмағы - 55 келі, қанаттың ұзындығы - 2 метр, ең максималды жылдамдығы сағатына 300 шақырым. Аппарат авиациялық жанармайдың көмегімен ұшады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети