Нұр-Сұлтанда қар тазалау жұмыстарын әкімнің орынбасары Алтынбек Кайсағалиев қарайды. Шенеунік Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында астаналық қызметтердің көше тазалаумен қалай айналысатынын және Facebook-тегі пікірлер жайлы айтып берді.
Нұр-Сұлтанда қар тазалау жұмыстарын әкімнің орынбасары Алтынбек Кайсағалиев қарайды. Шенеунік Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында астаналық қызметтердің көше тазалаумен қалай айналысатынын және Facebook-тегі пікірлер жайлы айтып берді.
TN.kz : Кейбіреулер көшелер дұрыс тазартылмайтынын айтып шағымданады. Қар жинайтын машиналар аудандарға жетпейді, тек орталық көшелерді тазалап кетеді дейді.
Алтынбек Қайсағалиев: Негізінде қала секторларға бөлінген. Барлығы тазаланады, өйткені барлық сектор бойынша бөлінген жердің тазалығына тікелей жауап беретін мердігерлік ұйымдар бекітілген. "Астана Тазалық" негізгі жолдарды, магистральдарды механикаландырылған тазалаумен айналысады. Бірақ тендер бойынша жұмыс істейтін басқа да компаниялар бар. Мысалы, Ильинка, Үркер, Промышленный, Өндіріс, Теміржол - әрбір учаскеде өз міндеттемелерін орындауы тиіс мердігер бар. Шет аймақтарда жұмыс істейтіндер орталыққа келмейді. Тек сонда жұмыс істейді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
TN.kz : Нұр-Сұлтанды қардан қалай тез тазартуға болады?
Алтынбек Қайсағалиев: Қар жауғаннан кейін 2-3 күн қажет. Осылай жиі қалың қар жауғанда әрбір көшеге жету үшін бес күнге дейін уақыт керек. Қазгидрометтің мәліметінше, қардың нормативтік көлемі 66 миллиметр болуы тиіс. Қазір 170 миллиметр. Яғни, соңғы үш айда қар нормадан үш есе көп түскен. және бұл қаңтардың соңына дейін жалғасады.
Қалада жолдар негізінен толығымен тазартылды. Адамдар жұмысына барып жүр. Енді қаладан қарды шығарып тастау ғана қалады. Бірақ қар күні-түні тоқтамай түсіп жатқандықтан, әрине, қиыншылық бар. Күндіз қар тазалау үлкен қиындық туғызады. Жолда көліктер көп. Сондықтан қар шығару бойынша негізгі жұмыс түнде жасалады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бүгінде 2,3 миллион текше метр қар шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 65 пайызға артық. Қала өсіп келеді, 24 жаңа көше қосылды.
Айта кету керек, биыл техника 177 данаға дейін көбейді. Енді тағы 10 күн жақсылап жұмыс істесек болды. Содан кейін ауа райы болжамына сәйкес, мұндай қалың қар түспейді. Тұрғындарға кез-келген жағдайда маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, бұл баратын жерге жылдам жетуге мүмкіндік береді.
TN.kz : Әкім жекеменшік жол және құрылыс компанияларынан техника жалға алу жоспарланып отырғанын айтты...
Алтынбек Қайсағалиев:
Әр аудан бойынша белгілі бір аумақтар бар. Жүкті өзі түсіретін техниканы жалға аламыз, себебі өзімізде ұстауға қажеттілік жоқ. Оларды қала әкімдігі бір ауысымда 600-ден 800 данаға дейін жалдайды. Қосымша біз қазір барлық құрылыс компаниясына жүгініп, оларды жұмылдырдық. Олар бізге қосымша көмек көрсетіп, әлеуметтік жауапкершілік ретінде техникаларын, жүк тиегіштерін береді. Тегін. Бұл шамамен 150 өзі аударғыш жүк көлігі мен КамАЗ.
Қазір еріктілер де көмектеседі. Олар қарт адамдар тұратын аймақтар мен жеке үйлердің алдынан қар шығарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы жеке өзі қолдады.
TN.kz : Әлеуметтік желілерде жазылған пікірлерді оқисыз ба? Тұрғындардың шағымдарын?
Алтынбек Қайсағалиев: Оқимын. Оларды тағы маған жіберіп отырады. Біз қоғамның пікірін міндетті түрде ескереміз. Келіп түскен шағымдарды қараймыз. Бірақ әр шағымда жеке қадағалап отыра алмаймын... жұмыс істеу керек.
TN.kz : Әкім түнгі аралау кезінде сіз көшені күн сайын тексеретініңізді айтқан болатын.
Алтынбек Кайсағалиев: Менің Instagram-дағы парақшамды қарайтын болсаңыз, жұмыс күнім түнгі 3-4-терде аяқталатынын көресіз. Екі-үш сағат ұйықтаймын. Таңертең жетіде оянып, 15 минуттан кейін үйден шығып кетемін. Қар жауғанда күніне 2 сағат ұйықтаймын. Алғаш қар жауғанда бес күн қатарынан ұйықтамағанмын және бұл жерде асыра сілтеп айтып отырғам жоқ. Instagram-ға күндіз де, түнде де коммуналдық қызметтердің жұмысын көрсететін суреттер мен видеоларды жүктеп отырамын. Парақшамды өзім жүргіземін.
TN.kz : Алданған үлескерлердің мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Алтынбек Қайсағалиев: Алданған үлескерлердің мәселесі - қаладағы өзекті мәселелердің бірі. Онымен күнде айналысамыз. Осы проблемаларды шешу бойынша нақты қадамдар қабылданды. Президенттің тапсырмасымен үлескерлердің проблемалы объектілерін аяқтауға бюджеттен қаражат бөлініп, "Нұрлы жер" бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде 2019 жылы 10 объекті (2500 үлескер) аяқталды. 2020 жылы кемінде 20 нысады (бұл 7,5 мыңнан астам үлескер) пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.