13 наурыз 2016 | 11:46

Қарағандылық фермер "жұлдызды соғыстар" ұйымдастырып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қарағандылық фермер Владимир Бондаренко өз шаруашылығында серілер турнирін өткізіп жүр, оған "Жұлдызды соғыстардағы" жанып тұратын семсерлер қолданылады, - деп хабарлайды "Новый вестник".


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандылық фермер Владимир Бондаренко өз шаруашылығында серілер турнирін өткізіп жүр, оған "Жұлдызды соғыстардағы" жанып тұратын семсерлер қолданылады, - деп хабарлайды "Новый вестник".

Фермер семсерлер мен сауыт-саймандардың өндірісіне өзі кіріскен. Сонымен қатар, ер адам "Өлім жұлдыздары" ғарыш станциясының макетін құрастыруға ниетті. Алайда Бондаренко өзін "Жұлдызды соғыстардың" жанкүйерімін деп есептемейді. Осыдан сегіз жыл бұрын екі шаруашылығын тіркеген кезде ол ойдан шығарылған ғаламшарлардың құрметіне оларды "Альдераан" мен "Татуин" деп атаған, алайда бұл "Клондар соғысы" мультфилімін қатты ұнатқан балаларының тілегі болыпты.

2015 жылдың күзінде жаңа фильм прокатқа шыққанда фермер турнирлерді ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған. Ол ішінде жарықдиоды бар қарапайым полипропилен құбырлардан семсер жасау үшін шеберлердің көмегіне жүгінген. Батырмасы бар саптар құбырларға бекітілген. Ақыры шайқасқа төтеп бере алатын мықты конструкция шықты.

Бірінші турнирде кәсіби бірнеше семсерлесуші мен жергілікті оқушылар қатысты. Ал фермердің өзі бақсы болып киініп, шайқастың басталғанын білдіріп дабыл қағып тұрды. Джедайлар ситтерге қарсы шайқасты. 

Бондаренко "Өлім жұлдыздары" макетінің құрылысы бойынша жобаны ойластыруды бастады. Оның ойынша, аттракционды теміртаулық мелькомбинаттың базасында жасауға болады. "Мелькомбинат бес жыл бойы консервацияда тұрды. Өткен күзде, біз барғанда, маған бір идея келді, ол аумаққа ауқымды, сюрреалистік бірдеңе жасау керек. Өзіңіз елестетіп көріңіз: 54 мың тонна астықты сақтауға арналған алып жер, биіктігі 15 қабатты үйдей! Бұл бір кеңшілік. Қазір неден бастаймыз деген мәселе тұр - мелькомбинатты іске қосу ма, аттракционды ма? Бірақ, өздеріңіз де түсінесіздер, өндіріс бірінші орында", - деді фермер.

Ол әзірше Қарағанды маңында тұрақты турнирлер өткізу үшін команда жасақтап жатыр. Ер адам бизнес-жобаны жүзеге асыруды жоспарлап қойған: атпен шабуды серілер жиынымен біріктіру. "Біз шамамен 35 семсерді дайындап қойдық. Екеуін сатып үлгердік. Семсерлеріміздің бағасы - 6,5-11 мың теңге. Арзан емес, бірақ ол қолдан жасалған. Әрине, идея әлі пайдалы бола қойған жоқ. Бірақ біз одан бас тартпаймыз. Бұл ақша табуға ғана арналмаған. Мақсат халықты белсенді демалысқа тарту. Семсерлесу мен атқа шабу - бұл денсаулық. Оның үстіне, мұның барлығы өзіме де аса қызықты", - дейді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети