20 тамыз 2019 | 10:07

Қаралы үйдің шашылып ас беруі мен киім таратуы дұрыс па?

Еуразия бірінші арнасының тілшілері қаралы үйдің ақша шашып, ас беруі мен шапан, тақия, орамал тарату дәстүрінің дұрыс-бұрыстығын дін өкілдерінен сұрап білді. 


Иконка комментария блок соц сети

Еуразия бірінші арнасының тілшілері қаралы үйдің ақша шашып, ас беруі мен шапан, тақия, орамал тарату дәстүрінің дұрыс-бұрыстығын дін өкілдерінен сұрап білді. 

Еліміздің тұңғыш мүфтиі бұл ғұрып шариғатымызда бар екенін айтыпты.

"Жетісі, қырқы, жылы шариғатта бар. Ал бар болса, міндетті ма, жоқ ерікті ме деген сауал туады. Ерікті", - деп мәлімдеген Ратбек Қажы Нысанбайұлы көпшілік алдындағы сөзінде. 

Ал танымал теолог, дін насихатшысы Арман Қуанышбаевтың сөзінше, жетісін, қырқын, жылын өткізу шариғатта белгіленбеген. Шариғатта тек ас беру ғана белгіленген. 

"Ананы да, мынаны да жақтау емес мақсат. Бұл жерде шаиғаттың үкімі. Расында да қырқы, жылы деп белгіленбеген. Ол шариғатымызда жоқ нәрсе", - дейді Арман Қуанышбаев. 

Бұл мәселеге қатысты пікірлер әртүрлі. Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы өкілдерінің сөзінше, бақилық болған адамның жетісі, қырқы мен елуіне қатысты нақты бір үкімі жоқ. Бірақ топырақты өлімді торқалы тойға айнылдырып жіберуге болмайды екен.

"Салт дәстүр ретінде қалыптасқан халықта. Яғни ол жердегі мақсат- жаназаға қатыса алмаған туған туыстарының, жора жолдастың бастарын қосып, сол жердегі көңіл айту", - дейді Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, пәтуа бөлімінің маманы Бөлтірік Мұхамедияр. 

Телеарна тілшілері бұл мәселе туралы ел алдында уағыз айтатын имамдардың пікір қайшылығы бұған дейін де болғанын айтады. Мәселен, былтыр дінтанушы Ризабек Батталұлының мешітке жиналған жамағат алдында "шариғат әйелді ұруға рұқсат береді" деген уағызы әлеуметтік желіде біраз шу болған еді. Осындай жағдайлар қайталанбауы үшін діни басқармасы имамдардың бірізбен сөйлеу, Құран аяттарын, хадистерін дұрыс жеткізу жыл сайын олардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізіп келеді екен.

"Қазақстан бойынша 300-ге тарта насихат тобы бар. Біз әр жыл сайын имамдарымыздың, дін қызметкерлерінің біліктілігін арттырып отырамыз. Жалпы мынау шешендік өнер бойынша, мақала жазу бойынша", - дейді Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Хамзат Қажымұратұлы. 

Діни басқарма мамандарының сөзінше, барлық имамның деңгейі бірдей емес. Кезінде кадрлар өте тапшы болғандықтан діннен, Құраннан аз-маз хабары барлар имам болып кете барды. Ал діни басқарма өкілдері қазір дін насихатшыларына асығыстықпен пәтуа бермеуді, "Құран, хадис ақиқатты айтып тұр" деп барлық жерде айта беруге болмайтынын ескертіп келеді екен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети