Қасқырды қарусыз аулайтын қазақстандық аңшы туралы видео жарияланды

19 Желтоқсан 2015, 09:43
3
Қасқырды қарусыз аулайтын қазақстандық аңшы туралы видео жарияланды - © instagram.com/erkanat_rustem
© instagram.com/erkanat_rustem

Журналист Ерқанат Көпжасар Instagram желісіндегі парақшасына қызықты кадрларды жариялады.

Видеодан Шығыс Қазақстанның атақты аңшысы Ержан Қасымбековті көруге болады, ол қасқырларды қарусыз аулайды. Ролик 2015 жылдың қысында түсірілген және тұңғыш рет жарияланып отыр. Журналистің айтуынша, Ержан - кәсіби аңшы, ол қасқырларды ермек үшін емес, арнайы рұқсат алу арқылы ғана өлтіреді.

Айта кетейік, өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында қасқырлар малдарға жиі шабуылдады. Жергілікті аңшылар оларды шетінен қырған болатын. Сонымен қатар, мемлекет аңшыларға ақшалай сыйақы береді - өлтірілген бір қасқыр үшін шамамен 12 мың теңге.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай