24 мамыр 2016 | 09:10

Каспий жағалауында таңғажайып құбылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kulturologia.ru © kulturologia.ru

Каспий жағалауында таңғажайып құбылыс болды. Ақтауға Солтүстік Америкадан миллиондаған монарх көбелегі ұшып келді. Бұл туралы 24.kz телеарнасы хабарлады. 


Иконка комментария блок соц сети

Каспий жағалауында таңғажайып құбылыс болды. Ақтауға Солтүстік Америкадан миллиондаған монарх көбелегі ұшып келді. Бұл туралы 24.kz телеарнасы хабарлады. 

Ұзақ қашықтыққа ұша алатын саяхатшы жәндіктер алыс сапардан тынығу үшін Каспий жағалауына аялдапты. Тілшілердің пайымынша, бұған биылғы көктемнің жаңбырлы болуы әрі желдің бағыты да әсер етсе керек.

Қанаттары қызғылт сары ерекше жәндіктер қала көшелеріне сән беріп, ағаштар мен гүлзарлар, тіпті теңіз жағалауынан да жиі кездестіруге болады. Монарх көбелектері қоршаған ортаға зиянсыз, тек өсімдік шырынымен қоректенеді. Оларға құстар да тимейтін көрінеді. Мамандар табиғаттың мұндай тосын сыйы Каспий жағалауында осыдан он жыл бұрын болғанын айтады.

"Бұл жәндіктерді монарх көбелегі деп топшылап отырмыз. Бұл көбелектер өте ұзақ қашықтыққа ұша алады. Бірақ өз бағытынан адаспайды. Көктем мен жаз айларына дейін алыстарға сапар шегіп, күн суығанда өз қыстауына оралатын қасиетке ие. Ең бастысы - бұл сарғылт қанаттылардың табиғатқа залалы жоқ", - дейді биолог Лариса Гордиенко.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети