Ұлыбританиялық әйел қатерлі ісікке шалдыққанын мысығы арқылы білген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Metro басылымына сілтеме жасап.
Ұлыбританиялық әйел қатерлі ісікке шалдыққанын мысығы арқылы білген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Metro басылымына сілтеме жасап.
Анджела Тиннингтің айтуынша, мысығы Мисси соңғы кездері бір түрлі болып жүрген. Мысалы, әйелдің кеудесіне барып жатып алатын. Кейінірек ол кеудесінде ауырсынуды байқап, ауруханаға барған. Дәрігерлер оның қатерлі ісікке шалдығуын алдын алған.
Басылымның мәліметінше, екі жыл уақыт өткен соң мысық қайтадан өзгере бастаған. Сонда әйел еш жері ауырмаса да, ауруханаға барып, дәрігерге көрінген. Сол кезде мамандар оның қатерлі ісікке шалдыққанын анықтаған.
Осы үшін әйел мысығына деген алғысын білдіріп, оны National Cat Awards номинациясына ұсынған.