Қайрат Нұртастың Оралдағы концертінде жұлысқан қыздардың видеосы пайда болды

10 Қыркүйек 2016, 09:51
0
Қайрат Нұртастың Оралдағы концертінде жұлысқан қыздардың видеосы пайда болды - © mgorod.kz
© mgorod.kz

Қайрат Нұртастың Оралдағы концертінде жұлысқан қыздардың видеосы пайда болды, - деп хабарлайды "Мой город".

9 қыркүйекте П.Атоян атындағы стадионда қала күніне арнайы қазақстандық жұлдыздар Тұрсынбек Қабатов пен Қайрат Нұртастың қатысуымен концерт өткен болатын. Басылымның мәліметінше, қазақстандық эстраданың жұлдызы Қайрат Нұртас концерттің ең соңында өнер көрсетіпті. Жұртшылық оны қошемет көрсетіп, қарсы алды. Адамдар алаңда және трибуналарда би билеп жатқан.  

Қайрат Нұртас пен тыңдармандардың ортасын қоршау мен полицейлер және Ұлттық ұлансарбаздары бөліп тұрған. Дәл осы қоршау алдында екі қыз бір-бірімен жұлыса кеткен. Алайда полицейлер оларда тез арада ажыратып алды. Олардың не үшін бұл әрекетке белгісіз.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай